Қырғызстанда жер сілкінісінен зардап шеккен ауылдарда шатырдан жасалған мектептер ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 мамырда жер сікінісінен зардап шеккен Ош облысы Чон-Алай ауданы      ауылдарында    шатырдан жасалған мектептер ашылады, деп хабарлады Kabar.kg  Қырғыз Республикасы Білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оның ақпаратына сәйкес Қырғыз Республикасы  білім және ғылым министрі    Гүлмира Құдайбердиева  зардап шеккен  Қара-Тейит, Қара-Мык, Жекенди және Шибээ ауылдарына барды. Ведомство басшысы ауылдардағы мектеп ұжымдарымен кездесті. ТЖМ және Мемқұрылыс өкілдерімен бірлесіп, мектеп ғимараттарын тексерді.   

Сонымен ТЖМ деректері бойыша үш мектеп апатты деп танылды. Үш мектеп аумағында   шатыр құрылып, 10 мамыр сабақты жалғастыратын болды.  Жаңа оқу жылына дейін Шибээ ауылында жаңа мектеп салынса, қалған екі мектеп күрделі жөнделетін болды.

Министр  өткен апта көшкін  жүрген Үзген ауданында да болды. Мектеп қауіпті аймақта орналасқандықтан,  оқушыларды көрші  мектептерге бөлу шешімі қабылданды.

Ведомство басшысы оқытушы құрамға білім алу үрдісін үзбей жалғастыру үшін барлық қажетті көмек көрсететінін хабарлады.   

Соңғы жаңалықтар