Қырғызстанда ЖИТС дертінен 1343 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда АИВ/ЖИТС дертінен 20 жылда 1343 адам көз жұмды. Бұл туралы республикалық ЖИТС орталығының директоры Умуткан Чокморова мәлімеді, деп хабарлады www.centralasian.org.
Оның сөзінше, мұндай дертке шалдыққан алғашқы Қырғызстан азаматы 1996 жылы тіркелген. Қазір, ресми дерек бойынша АИВ/ЖИТС ауруларын жұқтырған 6 110 адам тіркелген, оған дерттен өлгендер саны да кіреді. 416 адам аурудың соңғы кезеңін бастан өткеруде. АИВ/ЖИТС 4 061 ер және 2049 әйел адамнан анықталған. Қалған 554-і - балалар. Мамандар АИВ/ЖИТС-пен ауыратындардың бейресми саны бұдан да көп деп топшылайды.