Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау өтіп жатыр
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауына 16 партия қатысып отыр: «Ата-Мекен», «Бир-Бол», «Биримдик», «Замандаш», «Қырғызстан», «Мекенім Қырғызстан», «Мекенім Ынтымағы», «Мекенчил», «Ордо», Ауған соғысындағы ардагерлер мен басқа да жергілікті жауынгерлік ұрыстарға қатысушылар партиясы , «Республика», «Реформа», «Социал-Демократтар», «Чон Казат», «Ыйман Нуру», «Бутун Қырғызстан».
Сайлауға 3 млн 523 мың. 554 сайлаушы тіркелген. Елдің Сыртқы істер министрлігінің желісі бойынша, шетелде 32 мың 602 адам дауыс береді.
Еске салла кетсек, Қазақстан Республикасының сенаторлары Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды байқауға қатысады.