Қырғызстанда Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтеді. Шараны өткізу туралы тиісті Жарлыққа ел президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп хабарлайды «Синьхуа».

Қырғызстанда Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтеді

Ж.Баласағұнның есімі қырғыздар мен басқа түркі халықтары мемлекеттілігінің тарихында үлкен маңызға ие. Шығыс-мұсылман ренессансы дәуірінің ұлы ойшылы, танымал мемлекеттік қайраткер елді басқарудың теориясы мен тәжірибесіне, түркі әлемінің рухани және мәдени өміріне үлкен үлесін қосып өткен.

Сәрсенбіде Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015-2016 жылдары Ж.Баласағұнның 1000 жылдығы жоғары ұлттық және халықаралық деңгейлерде атап өтіледі.