Қырғызстандағы ахуал мемлекеттік биліктің дәрменсіздігінің көрінісі - Болат Сұлтанов

Ы. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Барлық революция мен төңкерістерден кейін жаңа билік құрылғанша қара тесік қалыптасады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қырғызстандағы төңкеріс: себептер мен салдарлар" деген дөңгелек үстел жиынында айтылды,

Қырғызстандағы ахуал мемлекеттік биліктің дәрменсіздігінің көрінісі -  Болат Сұлтанов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Революция мен төңкерістерден кейін бұрынғы мемлекеттік билік жойылып, жаңа билік құрылғанға дейінгі аралықта қалыптасатын қара тесік колониядан шыққандар мен түрмедем қашқан қауіпті элементер үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл қара тесік мемлекеттік биліктің дәрменсіздігі, анархия. Мен Қырғызстандағы төңкерісшілерден 2 топты көрдім", дейді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов. Саясаттанушының айтуынша, біріншісі жұмыссыздықтан, аштықтан ашынған топ. Ал екіншісі, бетперда тағып Калашников автоматымен қаруланған топ. Бейнематериалдарды көрген кезде олардың өз әрекеттерін кәсіби түрде жүзеге асырып жүргенін аңғаруға болады.