Қырғызстандағы «Ата-Бейіт» мемориалдық кешенінде жерленген қуғын-сүргін құрбандары арасында қазақтар да бар

АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстанда сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болған 20 мыңнан астам адамның қазіргі таңда тек 7 мыңының ғана аты-жөні анықталған. Бұл туралы Шу облысының Аламун ауданы Таш Добо ауылындағы «Ата-Бейіт» репрессия құрбандары мемориалдық кешенінің директоры Гүлнар Тұрсынбекова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
None
None

«Ата-Бейіт» қуғын-сүргін құрбандары мемориалдық кешені 2000 жылы Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті Асқар Ақаевтың бастамасымен салынған болатын. Ол Қырғызстандағы 1930 жылдардағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары көмілген ел аумағындағы жалғыз бауырластар зираты. Мемориалдық кешеннің директоры Г.Тұрсынбекованың айтуынша, онда 137 кісінің сүйегі жатыр. Бәрі бір түнде атылып, осы жерге жасырын көмілген. Ал туған-туыстарына Сібірге жер аударылды, кездесуге болмайды деп тек 20 жылдан кейін ғана атылғаны туралы анықтама берілген.

«Құрбан болғандар арасында мәдениет министрі Асанбай Жамансариев, экономика министрі - Еркінбек Есенаманов, әділет министрі Қаратал Табылдиев, ел ағарту министрі Османқұл Алиев, сауда министрі Төреқұл Айтматов, Қырғызстандағы Алашорда партиясының жетекшісі Әбдікерім Сыдықов сияқты қырғыз халқының сүт бетіне шығар қаймақтары бар. Сондай-ақ елді өркендетуге шеттен көмекке келген өзге ұлт пен ұлыстың өкілдері де аз емес. Олардың ішінде қазақтар да бар. Соның бірі Ахмет Мәметов есімді азамат», - дейді Гүлнар Садыққызы. Директордың сөзіне қарағанда, Қырғызстандағы сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болған 20 мыңнан астам адамның қаншасы опат болғаны, қаншасы аман қалғаны туралы әлі күнге дейін белгісіз болып келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар