Қырғызстандағы ірі ГЭС-те апат болды

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы гидроэлектр стансында апат болды,

Қырғызстандағы ірі ГЭС-те апат болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

Тоқтағұл ГЭС-індегі төрт генератордың екеуі таңертең істен шықты.

Мамандардың деректері бойынша, стансыдағы генераторлардың тоқтауы бүгін жергілікті уақыт бойынша 06:03-те орын алған. Гидротурбинаның бағыттаушы агрегатындағы ақаудан гидроагрегат-2, ал 40 минөттен кейін үшіншісі тоқтаған.

Мамандар екінші және үшінші агрегаттардағы ақауларды кешке дейін жоюға уәде етті.