04:05, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
Қырғызстандағы лай көшкіні кезінде мерт болған тағы екі адамның мәйіті табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Қырғызстанның Ош облысы, Үзген ауданы, Аю ауылында лай көшкінінің салдарынан мерт болған тағы екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды kabar.kg со Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құтқарушылар 2003-2007 жылдары туған екі қыз баланың денелерін тапты»,-делінген ТЖМ ақпараттарында.
Лай көшкіні Аю ауылында 29 сәуір күні болды. Батпақ 24 адам өмір сүріп жатқан 7 үйді басып қалды. Олардың жартысына жуығы балалар.Осы уақытта 7 адамның денесі табылды, олардың 5-уі балалардікі.