Қырғызстандағы президенттік сайлауда Алмазбек Атамбаев жеңіске жетуде - ОСК алдын ала нәтижелері
БІШКЕК. 31 қазан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 31 қазанның 07.50 сағатына шаққандағы ҚР Президентін сайлауға дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жария етті.
Сөйтіп, 2 318 хаттаманың 2 210-ы өңделді (95,34 пайыз). Бірінші орынды Алмазбек Атамбаев - 1 118 385 - 62,95 пайыз дауыс, екінші орынды Адахан Мадумаров - 265 167 - 14,92 пайыз және үшінші орынды Қамчыбек Ташиев - 256 129 - 14,42 пайызбен иеленіп отыр.
Осыған орай, алдын ала нәтижелер бойынша елдің іс басындағы премьер-министрі А.Атамбаев бірінші турда жеңімпаз атанып, республика Президент болады.