Қырғызстандағы сайлаудан кейін Қазақстанның халықаралық маңызы арта түседі - ресейлік сарапшылар
БІШКЕК. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сыртқы ойыншылар Қырғызстанда қуатты орталық билікті құруға мүдделі. Осындай пікірді ресейлік Жаһандану және әлеуметтік қозғалыстар институтының (ЖӘҚИ) халықаралық саясатты талдау орталығының мамандары айтты.
«Шетелдік державалар Қырғызстанда қуатты орталық билікті құруға мүдделі. Осыған республикадағы тұрақсыз жағдай да итермелеп отыр. Сыртқы ойыншылар елдегі демократиялық өзгерістерді қолдағаннан гөрі, «тақымды қысып ұстағанды» қалап отыр», - деп санайды ЖӘҚИ директоры Борис Кагарлицкий.
Ресейлік сарапшылар Орталық Азияда Қазақстанның маңызы артатынына сенімді.