14:03, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Қырғызстандағы тәртіпсіздік құрбандары 191 адамға жетті
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Ресми мәліметтер бойынша Қырғызстанның оңтүстігінде болып жатқан тәртіпсіздік құрбандарының саны 191 адамға жетті.

Бұл туралы 24.kg. агенттігі хабарлады. 1,7 мыңнан астам адам жараланған. Оқиға орнынан қашқан босқындар саны 100 мың адамға дейін жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Сонымен қатар, бейресми мәліметтерге сәйкес қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп, 700 адам.
Жақында Қырғызстанда ұлтаралық қақтығыстардың құрбандарына арнап қаралы күн жарияланған болатын. Ел билігі осы тәртіпсіздіктердің артында үшінші тараптың бар екендігін алға тартады. Бұған дәлел, Қырғызстанға шеттен әкелініп жатқан қару санының көптігі. Сонымен қатар Ош қаласына кәсіби мергендерді қосқанда, басқа елдерден жалдамалы адамдар келген.
БҰҰ - да «үшінші жақтың» бар деген пікірде.