Қырғызстандағы тәртіпсіздіктердің салдарынан қаза тапқандардың саны 170 адамға жетті

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігіндегі тәртіпсіздік құрбандарының саны артып келеді. Республиканың денсаулық сақтау министрлігі 170 адамның қаза тапқандығын,
None
None

мың жарымнан астам адамның жарақат алғандығын мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сонымен қатар, белгісіз қарақшылар Ош қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігі ғимаратын басып алмақ болған. Алайда ведомство қызметкерлері шабуылды тоқтатып, гуманитарлық көмек тиелген жүкті алып қалған.

Қырғызстанда болып жатқан оқиғаны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі талқылады. Ол қантөгісті тоқтатып, гуманитарлық көмек жеткізу үшін дәліз жасауға шақырды.

Жалалабад облысының коменданты және Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының бірініші орынбасары Құбат Байболов бұрынырақ тәртіпсіздіктерге арнайы дайындалған Тәжікстан азаматтарының қатысы бар екенін айтқан болатын.

«Бұл тағдырдың жазуымен өмір сүруге қажетті құралдардан айырылып қалған Тәжікстан азаматтарының арнайы дайындалған тобы. Оларды биліктен аластатылған Бәкиевтің отбасына жақын адамдар жалдап отыр. Бізде бұлтартпас дәлелдер мен ұсталғандар кінәсін мойындап отырған айғақтар бар», - деді Қ.Байболов.

Соңғы жаңалықтар