Қырғызстандағы трагедиялық оқиғалар ЕҚЫҰ-ның қажеттілігін тағы бір дәлелдеп өтті-Қ. Саудабаев

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қырғызстандағы трагедиялық оқиғалар ЕҚЫҰ-ның қажеттілігін тағы бір дәлелдеп өтті. Бүгін Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырысында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай мәлімдеді.

Қырғызстандағы трагедиялық оқиғалар ЕҚЫҰ-ның қажеттілігін тағы бір дәлелдеп өтті-Қ. Саудабаев

Осы орайда Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ Қырғызстанның тұрақтылығы мен дамуына бұдан әрі де күш-жігерін жұмсайтынны жеткізді.

«Біздің төрағалық қарулануды қадағалау режімін бекіту мен жаңғыртуға және қадағалау шараларына жаңа серпін берді. Біз 1999 жылғы жаңғыртылған Вена құжаты алдағы жылы бекітілетініне үміт артамыз»,-деді Қ. Саудабаев.