Қырғызстандағы жағдай төзімділік мәселесінің ұдайы назарда болуы қажеттігін көрсетті - дөңгелек үстел

Бұл туралы ол бүгін Астанада «Жастар арасындағы дінаралық қатынас: проблемалар, олардың шешілу жолдары» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында мәлім етті.
Оның айтуынша, еліміздің қалыптасу жылдарына көз жүгіртетін болсақ, 1990 жылдармен салыстырғанда, Қазақстан жастарында қазір мүмкіндіктер өте көп. Яғни елде олардың жан-жақты дамуларына мол мүмкіндіктер жасалған. «Меніңше, бүгінде әлемнің көптеген елдерінде бар проблема тек Қазақстанда ғана жоқ. Бұл ұлтаралық, дінаралық төзімділік. Бұған біз күнделікті өмірімізде жақсы көз жеткізіп жүрміз. Ал Қырғызстанда болған оқиғалар бізге дінаралық болсын, ұлтаралық болсын басқадай мәселелермен байланысты төзімділік мәселесін ұдайы назарда ұстап отыру қажеттігін көрсетті», деді бөлім бастығы.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің сыртқы саясаты да негізінен дипломатиялық, достық қарым-қатынасқа негізделген. Бұны Мемлекет басшысы да басым бағыт ретінде қарастырады. Бұл бағытта Президент әсіресе жастарға көп үміт артып отыр. «Елімізде соңғы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезінде де дінаралық төзімділік мәселесіне, әсіресе жастарды көптеп тарту мәселесі айтылды», деді Г.Жүнісова.