Қырғызстандағы жағдайды байқау миссиясының аясындағы Бішкектегі кездесулер

СТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы жағдайды байқау миссиясының аясында 10-13 сәуірде Бішкекте Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасының Арнайы уәкілі Жәнібек Кәрібжановтың қатысуымен және Сенат депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Президентінің Арнайы өкілі Әділ Ахметовтің БҰҰ уәкілі Я.Кубишпен, Еуропалық Одақтың уәкілі П.Моррельмен, ҰҚШҰ уәкілі В.Семериковпен кездесулері болды,

Қырғызстандағы жағдайды байқау миссиясының аясындағы Бішкектегі кездесулер

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Елдегі тұрақтылықты нығайту жөніндегі тараптардың одан әрі іс-қимылын үйлестіруге қатысты мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша өткір мәселелерді шешуге жан-жақты жәрдемдесуге әзірліктерін білдірді.

Сол күні Ә.Ахметов уақытша үкімет басшыларымен, таратылған Парламент депутаттарымен, белгілі қоғам қайраткерлерімен, үкіметтік емес ұйымдардың, Қырғыз Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялардың, халықаралық қаржы ұйымдары мен институттарының өкілдерімен болған кездесулерге қатысты.

Кездесу барысында саяси ахуал және қауіпсіздік саласындағы жағдайлар, оған қоса қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және уақытша үкімет жағдайын заңдастыру мәселелері талқыланды.

Жақын арада және алдағы уақытта Қырғызстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалпына келтіру үдерістеріндегі ЕҚЫҰ рөлі құқықтық көмек беру, сайлау заңдарын жетілдіру, сайлауды өткізу, Қырғызстандағы халықаралық жобалар мен бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыруға жәрдем берумен сипатталатын болады.

ЕҚЫҰ елдегі жағдайды одан әрі тұрақтандыруға бар күш-жігерін салуда, халық жасақшыларына қаржылай көмек көрсетілді.

17-19 сәуірде Арнайы өкіл Қырғызстандағы жағдай бойынша Венада ЕҚЫҰ ПА Бюросында баяндама жасайды.

Ә.Ахметов 2009 жылғы маусымнан бастап ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі қызметін қоса атқарады.