Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздік құрбандары артуда

БІШКЕК. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстан аумағындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккендердің саны арта түсуде.

Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздік құрбандары артуда

Мәселен, Бішкекте бүгін түнде орын алған жергілікті тәртіпсіздіктер барысында 27 адам зардап шекті, олардың арасында ауыр жараланғандар да бар. Зардап шеккендердің бірқатары алкогольді ішімдікпен мас күйінде ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, Ош қаласында қаза тапқандардың саны 50 адамға жетіп отыр. 663 жарақат алған азамат медициналық көмекке жүгінсе, 429 адам ауруханаға жатқызылған.