Қырғызстандық Азат Усеналиев бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы жекпе-жекте жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандық Азат Усеналиев бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы кездесуде жеңіліп қалды. Бұл туралы украиналық БАҚ хабарлады.

Қырғызстандық Азат Усеналиев бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы жекпе-жекте жеңіліп қалды

«Украин атамандары» клубы Мексикада бүкіләлемдік бокс сериясының топтық кезеңінің екіінші айналымында бірінші кездесуін өткізді. Олар «Мексикалық жауынгерлермен» кездесіп, 0:5 есебімен жеңілді.

Бірінші жекпе-жекте атамандардың намысын қарғызстандық Азат Усеналиев қорғады. Алайда бұл сында оның қарсыласының күші басым болды, деп жазды КирТАГ.