Қырғызстандық еңбек мигранттарының көпшілігі Ресей мен Қазақстанда жұмыс істейді

БІШКЕК.  Қазанның  29-ы.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -   Бүгін  қырғыздың Жогорку Кенеш  мәжілісінде     2008 жылы   қарашаның   14-інде Кишинэуде  қол қойылған  «Еңбекші-мигранттар  мен  олардың отбасы мүшелерінің  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі  құқықтық   мәртебесі  туралы  конвенцияны бекіту  туралы»   заң  жобасы талқыланды.
None
None

Жогорку Кенештің баспасөз қызметінің  ақпараты  бойынша,  осы  мәселе    бойынша сөз сөйлеген  Қырғыз  Республикасының еңбек министрі Айгүл  Рысқұлова,  аталмыш Конвенцияның ТМД елдерінің  аясында жұмыс күштерінің    еркін жүріп- тұруына  жағдай  жасауға,     еңбек мигранттары мен  олардың  отбасы мүшелеріне   лайықты және теңдей  жағдай жасауға    бағытталғанын  атап  көрсетті.Бұл құжатта сондай-ақ,   шекарадағы және  маусымдық  еңбек  мигранттарының  құқықтары  да көрсетілген. Оған   қоса,  Конвенция    мигранттар  мен  олардың отбасы мүшелерінің  денсаулық сақтау, салық салу, зейнетақымен қамтамасыз ету салаларындағы  құқықтарын  қамтамасыз  ету,   мигранттарды  қайтару,      еңбек  мигранттары  туралы мәліметтер  базасын жасау    жөніндегі     тараптардың ынтымақтастық    саласын    анықтайды.

Қырғыз  министрі  сондай-ақ,       қырғызстандық еңбек мигранттарының  көпшілігі  Ресей мен Қазақстанда   жұмыс  істейтінін  атап көрсетті.  Оның айтуынша,   Ресейде 300 мың  қырғызстандық  еңбек етсе,   Қазақстанда - 65 мың     Қырғызстан  азаматы  жұмыс істеуде.  Бірақ та,  тәуелсіз сарапшылар   ресми    мәліметтерден 2-3 есе   жоғары    мәліметтер  келтіріп отырғанын  айта кету керек.

Депутаттар   аталмыш заң  жобасын  қабылдау  қажеттілігін атап  көрсетіп,    оны қолдады.

Соңғы жаңалықтар