Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстандық «тасшайнар» тісімен 30 жеңіл көлікті сүйремек

АЛМАТЫ. 4 тамыз. ҚазАқпарат -  Бүгін Бішкекте кешкі 19:00-де 36 жастағы қырғыз алыбы Нұрлан Әлішеров «Ала-Тоо» алаңында өзінің мықты тістерімен кір тастарымен және зілбалғалармен «ойнайтын» болады.

Қырғызстандық «тасшайнар» тісімен 30 жеңіл көлікті сүйремек

Онда «тасшайнар» атанып кеткен көптеген әлемдік рекордтарды орнатушы тісімен 30 жеңіл көлікті сүйрегелі отыр. Бұл оның «Ало-Тоо»  алаңындағы алғашқы көрсетілімі емес. Былтыр ол тісімен 12 тонналық автобусты 33 метр жерге сүйреп, 1 минутта тақтайға қағылған 20 шегені суырып, 1 минут 33 секундта 50 грек жаңғағын шағып,  орындықта отырған адамды 120 метр жерге алып барған болатын.

Биыл ол  тамыздың алғашқы жексенбісінде өз шәкірттерімен Ыстық көл жағасында өнер көрсеткен. Ал 8 тамызда Шолпан ата қаласының әуежайында тісімен 11 тонналық «Ми-8» тікұшағын 5 метрге сүйреді. Сондай-ақ тісімен 255 аттық күші бар скутерді 2 минут бойы ұстап тұрып, әлемдік жаңа рекордқа қол жеткізді.  Бір бүйрегі жоқ 3-топтағы мүгедек бұл жігіт былтыр 29 қарашада «Манас» әуежайында 24 тонналық Ан-24 ұшағын 4 метрге, 37 тонналық Ту-134 ұшағын 20 см. жерге сүйреп жұртты қайран қалдырған.