Қырғызстандықтар қытайдың «Sinopharm» вакцинасын салдыра алады

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстандықтар Қытайдың «Sinopharm» вакцинасын ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Бішкек иммунопрофилактика орталығының меңгерушісі Бурул Асылбекованың мәлімдеуінше, вакцина ең алдымен вирусты жұқтыру қаурі жоғары топ өкілдеріне егіледі.

«Дегенмен қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, вакцинаны алғысы келген азаматтардың барлығына салу туралы шешім қабылданды», - деді ол.

Дәрігердің айтуынша, Бішкекке «Sinopharm» қытайлық вакцинасының 14 мың дозасы, ресейлік Sputnik V вакцинасының 2,5 мың дозасы бөлінген.

Еске сала кетейік, 19 наурыз күні Республикалық иммунопрофилактика орталығы арқылы Beijing Institute of Biological Product Co.Ltd өндірген «Sinopharm» белсендірілмеген вакцинасының 150 мың дозасы алынған. Вакцина 25-28 күн аралықта екі рет егіледі. Бұл вакцина салынғаннан кейін кері әсерлер байқалмаған.

Мұның алдында Қырғызстанға «Sputnik V» вакцинасының 20 мың доза алғашқы топтамасы жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар