Қырғызстандықтар жыл сайын Түркияда тегін демалмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның 100 азаматы енді жыл сайын Түркия елінде тегін демалатын болды, деп хабарлайды vesti.kg.
Жеңілдіктер қарастырылған медициналық қызметтердің көрсетілуі туралы келісімшартқа Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың Стамбулға сапары барысында қол қойылды. Бұл туралы қырғыз елінің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.
«Біздің азаматтарымыз үшін ем алу тегін жүргізілмек», - деп атап өтті ведомствода.
Сондай-ақ олар бұған енетін адамдар тізімін қырғыздық тарап жасайтындығын, ал оны Түркия елшілігі қарсы тараптың дәрігерлерімен келісе отырып бекітетінін жеткізді.