Қырғызстанға өз даму жолында Қазақстанға қарап бет түзеу керек - Алмазбек Атамбаев

БІШКЕК. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев елдің 2013 жылдағы даму қарқынына байланысты қорытындылар жасап, алдағы мақсаттарды атап көрсетті.

Қырғызстанға өз даму жолында Қазақстанға қарап бет түзеу керек - Алмазбек Атамбаев

Өз сөзінде А.Атамбаев «Қырғызстанға өз даму жолында Қазақстан мен Ресейге қарап бет түзеу керектігін» мәлімдеді. «Бүгінде көбі Қырғызстан Кедендік одаққа енгеннен кейін тауарлардың бағасы көтеріледі дегенді айтып жүр. Қазақстанда, мәселен, ұн, нан мен жұмыртқа біздегіден гөрі арзан», - деп атап өтті президент. Президенттің айтуынша, Қырғызстан Кедендік одаққа кіруі кезінде ірі көтерме базарларында, атап айтқанда, «Дордой» және «Қара-су» көтерме дүкендердегі бағаның көтерілмеуін қадағалап отырады