Қырғызстанға Ресейдің ОСК басшысы В.Чуров келеді
БІШКЕК. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстанға танысу сапарымен Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы Владимир Чуров келеді, деп хабарлайды Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында В.Чуровтың қырғызстандық әріптестерімен кездесуі көзделген, жиын барысында маусымның 27-сіне белгіленіп отырған республиканың жаңа конституциясын қабылдау туралы референдумның дайындығы мен өткізілу барысы талқыланады.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, ресейлік Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстандағы жалпыхалықтық сайлаудың өту барысын бақылау үшін шақырту алған.
Сонымен қатар, ресейлік мамандардың бір тобы бүгін Бішкекке келді. Олар референдум өткізу шін сайлау комиссиясын қалыптастыруға көмектеспек.