Қырғызстанмен шекарада барымташылар 108 мүйізді ірі қараны тастай қашты

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - «Кеңес» шекара бекетінің шекаралық жасағы Қырғызстаннан Қазақстан Республикасына өткізу кезінде мүйізді ірі қараның 108 басын (бұқалар) бекеттің сол жағында 10 шақырымға жуық жерде «Аспара» шекара бекетімен түйіскен аумақта ұстады.

Қырғызстанмен шекарада барымташылар 108 мүйізді ірі қараны тастай қашты

Малды айдаған үш салт атты көрші мемлекеттің аумағында іздерін жасырған. Қазір ірі қара шекаралық бекеттің аумағында, бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары қолға алынып, құқық қорғау органдары құлақтандырылды.