Қырғызстанмен шекарада қазақстандық кеденшілер 11 келіге жуық героин тәркіледі

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - 23 сәуірде «Қарасу» кедендік бекетінде Қырғызстаннан Қазақстанға бағыт алған «Мерседес-Бенц 220Е» жеңіл көлігін сканерлеу кезінде автомашинаның артқы орындығынан жалпы салмағы 11 келіге жуық героин анықталды.
None
None

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірде Алматы облысында кеденшілер мен полицейлердің бірлескен шұғыл-іздестіру шараларын өткізу кезінде Кербұлақ ауданында «Ауди-100» маркалы көлігі тоқтатылып, онда жалпы салмағы 1 келі 669,96 грамм героин табылды. Аталған есірткі де Қырғызстаннан жеткізілген.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, жыл басынан бері кеденшілер есірткінің заңсыз айналымына байланысты 14 фактіні анықтады. Заңсыз айналымнан 46 келі 939 грамм есірткі заттары тәркіленіп, оның 21 келі 689 грамы- героин.

Соңғы жаңалықтар