Қырғызстаннан 17 млн теңгенің темекісі кіргізілмек болған

ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша белсенді шаралар атқарып жатыр. Атап айтқанда, 1 мамырда әскери қызметкерлер Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Пәкістан Ислам Республикасының 4 азаматын Мерке ауылында ұстады. Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-тармағы бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпас шарасы қолданылды.
2 мамырда «Сыпатай батыр» мен «Қордай» автокөліктік өткізу пунктерінде Қырғызстаннан 58 мың қорап темекі заттарының ірі партиясын Қазақстанға заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді. Контрабандалық тауардың алдын ала бағалау құны – 17 млн теңге. Тәркіленген жүк процессуалдық шешім шығару үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне берілді.

