Қырғызстаннан 17 млн теңгенің темекісі кіргізілмек болған

None
Фото: t.me/knbgov_kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қырғызстаннан 58 мың қорап темекі заттарының ірі партиясын Қазақстанға заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша белсенді шаралар атқарып жатыр. Атап айтқанда, 1 мамырда әскери қызметкерлер Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Пәкістан Ислам Республикасының 4 азаматын Мерке ауылында ұстады. Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-тармағы бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпас шарасы қолданылды.

2 мамырда «Сыпатай батыр» мен «Қордай» автокөліктік өткізу пунктерінде Қырғызстаннан 58 мың қорап темекі заттарының ірі партиясын Қазақстанға заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді. Контрабандалық тауардың алдын ала бағалау құны – 17 млн теңге. Тәркіленген жүк процессуалдық шешім шығару үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне берілді.


Соңғы жаңалықтар