Қырғызстаннан қашқан жаралы және ауру босқындардың саны 735 адамды құрады - Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі

НДІЖАН. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстанның Әндіжан облысының медициналық мекемелеріне келіп түскен Қырғызстаннан қашқан жаралы және ауру босқындардың саны 735 адамды құрады.

Қырғызстаннан қашқан жаралы және ауру босқындардың саны 735 адамды құрады - Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл туралы дүйсенбі, маусымның 14-і күні ӨР Денсаулық сақтау министрі Адхам Икрамов мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, 134-тен астам адам оқтан жараланған, 80-нен жоғары адам басқа заттардан жараланған. Қырғызстанның Ош облысындағы ауруханадан қырғызстандық этникалық өзбектер - онкологиялық стационарда, туберкулезге қарсы және облыстық ауруханаларда жатқан барлық науқастар құтқарылған.

«Әндіжан облысы Йор-Кишлок ауылына жақын жерде ұйымдастырылған өткізу бекеті соматикалық ауруға шалдыққандарды, мүгедектерді қабылдап, оларға медициналық жәрдем көрсетті. Олар біздің бірқатар аудандық ауруханаларымызға жеткізілді, ал арнайы көмекке зәру аурулар жедел жәрдем орталықтарына апарылды», - деп түсіндірді А. Икрамов.

ӨР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, «медициналық керек-жарақтар жеткілікті, оның барлығымен Өзбекстан Үкіметі қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта екі тәулік ішінде біз көрсеткен медициналық жәрдем 2-3 ай кезеңінде жұмыс ішінде көрсетілетін медициналық дәрілерге, шығын материалдарына тең».

Сонымен қатар, перзетханаларда аяғы ауыр 77 босқын әйел жатыр, олардың жетеуі балалы болып үлгерген.