Қырғызстаннан сиыр ұрлап өтпек болғанның жолы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасынан ірі қараларды заңсыз айдап өтпек болған адамның жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚҚ Шекара қызметінен.

Қырғызстаннан сиыр ұрлап өтпек болғанның жолы кесілді

«Қордай» шекара отрядына қарасты «Қарасай батыр» заставасының (Жамбыл облысы) шекара наряды мемлекеттік шекарадан 10 метр қашықтыққа өткен ірі қараларды (сиыр) ұстады.

Нақтырақ айтқанда, көршілес қырғыз елінен 3 бас сиырды қуалап келе жатқан белгісіз атты адамның алдынан шекара наряды шыға келгенде, ол сиырларын тастай қашып, келген жағына барып, бой тасалады. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданының құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.