Қырғызстаннан жеткізілетін өнім сапасы сын көтермейді - Бекшин

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Қазақстанға жеткізілетін қырғызстандық өнімдердің сапасы нашарлағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қырғызстан өнімдерінің нашарлауы үрдісі байқалып отыр. Егер де өткен жылы талапқа сай емес өнімнің үлесі 4 пайыз болса, ал биыл осындай өнімнің 10 пайызға жуығы анықталды. Яғни, қырғызстандық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі 2,5 есеге нашарлады», - деді Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, талапқа сай емес өнімнің жалпы көлемінде 52 пайызы Ресейге тиесілі, одан кейінгі орында Қырғызстан тұр. Дегенмен РФ-тен жеткізілетін тауар мен өнім көлемі айтарлықтай жоғары.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тиісті зерттеу жүргізіп, Қырғызстандағы өнімдердің техникалық регламент көрсеткіштеріне сәйкес келуін тыңғылықты қарап шыққан.

«Осы бағыттағы зерттеулер Қырғызстан тарапынан талапқа сай емес өнімнің тасымалдануы тәуекелі бар екенін көрсетіп отыр. Сондықтан да Ауыл шаруашылы министрлігіндегі, кедендік органдардағы әріптестермен бірлесе тиісті бақылауды жүргізудеміз», - деді Комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар