Қырғызстанның №27 колониясында жазасын өтеушілер аштық жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда №27 колонияда жазасын өтеушілер аштық жариялады. Бұл туралы КирТАГ жұмада мемлекеттік жазаларды орындау қызметінің (МЖОҚ) баспасөз қызметінде хабарлады.
«Өткен жылы жазда шыққан жаңа заңға сәйкес экстремистік және лаңкестік қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды басқа санаттағы жазасын өтеушілерден бөлек ұстауды талап етеді. Жазасын өтеушілер осы нормаға наразылық ретінде аштық жариялады», - деп хабарлады ведомствода.
МЖОҚ-та 20-ға жуық адам өздерінің бұл заңды қабылдағанға дейін сотталғанын, сол себепті шартты-мерзімінен бұрын босатуды талап етуде.
«№27, №47 және №16 колонияларда жаңа заңның қабылдануына байланысты экстремизм мен терроризм әрекеттері бойынша айыпталған сотталушыларды камерада екі-үш күн басқа жазасын өтеушілерден бөлек ұстайды. Қазір №3 колонияда осындай камераларды дайындау жұмыстары жүріп жатыр», - деп атап өтті МЖОҚ-та.