Қырғызстанның алты миллионыншы тұрғыны өмірге келді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ошта дүние есігін жаңа ашқан нәресте Қырғызстанның алты миллионыншы тұрғыны атанды.
None
None

Қырғызстанның алты миллионыншы азаматшасы Ош қаласында әскери қызметші Алмаз Кожошевтің отбасында дүниеге келді. Нәрестенің анасы Рахат Белекованың да, баланың да жағдайы жақсы. Нәресте салмағы 3 келі 870 грамм.

Президент Алмазбек Атамбаев қуаныш иелерін құттықтап, балаға мықты денсаулық, ұзақ та бақытты өмір тіледі, деп хабарлады ҚР Президенті баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы алты миллионыншы тұрғынның өмірге келуі - барша Қырғызстан халқы үшін үлкен қуанышты жаңалық екенін айтты. «Халық санының өсуі - бейбіт өмірдің басты көрсеткіштерінің бірі, елдің келешегіне деген сенімі, адамдардың ізгілікке, гүлденуге ұмтылысы», - деді ол.

Президент үкіметке алты миллионыншы тұрғынның отбасына оның құрамын есепке алып, баспана беруді тапсырды.

Бұдан басқа, Атамбаев алты миллионыншы қырғызстандыққа 1 млн сом депозит есепшотын ашып, онымен қатар дүниеге келген 10 нәрестенің отбасына 100 мың сомнан біржолғы материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысы бақытты ата-аналарға құттықтау жеделхатын жіберіп, Қырғызстан халқына да құттықтау сөзін арнады.

Соңғы жаңалықтар