Қырғызстанның басты жаңажылдық шыршасы қатты желдің салдарынан құлап қалды
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының орталық алаңында орнатылған Қырғызстанның басты жаңажылдық шыршасы қатты желдің салдарынан құлап қалды.
Бұл туралы оқиға куәгерлері хабарлады, деп жазады Утро.ру.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға дауылды жел себеп болды, бірақ, қырғыз БАҚ-ның хабарлауынша, өткен түні желдің жылдамдығы секундына 15 метрден аспаған.
Шыршаның тірегі бұзылды, ойыншықтары жарылды. Бішкек қаласының мэрі Иса Өмірқұлов жаңа жаңажылдық символдың екі күннің ішінде орнатылатынына уәде берді.