12:19, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғызстанның билік жүргізуші партиясы «Манас» авиабазасын жабуды мақұлдады
БІШКЕК. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Елдің билік жүргізуші «Ақ жол» партиясының Қырғызстан парламентіндегі фракциясы Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы операцияны қолдау үшін 2001 жылы ашылған Манастағы АҚШ авиабазасын елден шығаруды бірауыздан қолдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. АҚШ-пен арадағы келісімнің күшін жою туралы құжаттың жобасын қырғыз парламентінің үш фракциясы сәрсенбі күні қарайды. «Ақ жол» фракциясы республика парламентіндегі 90 мандаттың 70-тен астамына ие. АҚШ-пен келісімнің күшін тоқтату туралы шешім қабылдануы үшін 46 депутаттың дауысы жетіп жатыр.