Қырғызстанның бірінші Вице-премьері бұрынғы президент Қ.Бәкиевтің ұлымен байланыс орнатқанын жоққа шығарды

БІШКЕК. 25 мамыр. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сейсенбі күні танымал интернет-ресурстардың бірінде Қырғызстанның бірінші Вице-премьері Өмірбек Бабанов пен елдің бұрынғы президентінің ұлы Максим Бәкиевтің сөйлескені туралы жазба жарық көрді.

Қырғызстанның бірінші Вице-премьері бұрынғы президент Қ.Бәкиевтің ұлымен байланыс орнатқанын жоққа шығарды

Осыған байланысты Өмірбек Бабанов жергілікті БАҚ-та мәлімдеме жасады. Оның өзі айтып өткендей, «бұл жазба мені және үкіметті сенімсіздендіретін жалған жазба».

«Максим Бәкиевпен сөйлеспегенімді, онымен қоса ешкімнен ақша сұрамағанымды айтқым келеді. Бұл Өмірбек Әбдразмановтың жұмыс тобының нәтижесін халыққа жария етердің алдындағы арзан саясаткерлердің ойыны. Мен бұл жалған әрі арандатушылық екенін тағы бір мәрте қайталағым келеді. Мен тиісті құқық қорғау органдарына бұл жазбаны зерттеу туралы өтініш білдірдім. Жалған жазба жасауға дейін баратын саясаткерлерді түсінбеймін», - делінген бірінші вице-премьердің мәлімдемесінде.