Қырғызстанның бірқатар өңірінде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Кабар – Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 24 наурызда Жогорку Кенеш төрағасы Дастанбек Джумабековпен, елдің премьер-министрі Мухаммедкалы Абылгазиевпен және Жоғарғы сот төрағасы Гульбара Калиевамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның бірқатар өңірінде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді

Мемлекет басшысы әлемдегі қиын жағдайды, сондай-ақ елде коронавирус инфекциясы қарқыны артып келе жатқанын атап өтті.

Осыған байланысты президент Бішкек, Ош және Жалал-Абад, Ош облысының Кара-Суй, Ноокат аудандарында, Джалал-Абад облысының Созақ ауданында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты.

Президент тиісті Жарлыққа қол қойылып, Жогарку Кенешке жіберілгенін мәлім етті.

Төтенше жағдай 25 наурыз сағат 08.00-ден бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 08.00-ге дейін енгізіледі. Аталған қалалар мен аудандардың аумағында комендатура құрылды.

Жээнбеков осы аудандардағы санитарлық-карантиндік бекеттерден өту кезінде азық-түлік және басқа да тауар таситын жүк көліктеріне баса назар аударуды тапсырды.