Қырғызстанның Боом шатқалын сел басты

БІШКЕК. КАБАР- ҚазАқпарат – Қырғызстанның Боом шатқалында сел жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның Боом шатқалын сел басты

Куәгерлердің айтуынша, шатқал бойында нөсер жауып тұр. Автожолдардағы көлік қозғалысы қиындай түсті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, нөсер жауын салдарынан шатқалда сел басталған.

Боом шатқалы Бішкек қаласынан 112 шақырым жерде орналасқан.