Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы 12 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Первомайский аудандық соты Алтынбек Мұралиевті (бұрынғы премьер-министр Амангелді Мұралиевтің ұлы) мемлекеттік опасыздық - бабы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы 12 жылға сотталды

Бұл туралы сәрсенбіде Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған КирТАГ хабарлады.

«Бішкектің Первомайский аудандық соты 2016 жылғы 17 мамырда Мұралиев Алтынбек Амангелдіұлына қатысты үкім шығарды. Ол Қырғыз Республикасы ҚК 292-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталды. Мүлкі тәркілене отырып, қатаң режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды», деп хабарлады Жоғарғы сотта.

Еске сала кетсек, Алтынбек Мұралиев 2017 жылы қарашада қырғыз-қазақ шекарасы арқылы елден қашып кетуге әрекеттенген кезде ұсталды. Ол қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді шетелдік ұйымдарға беру мақсатында әрекет еткені үшін тұтқындалған.

А. Мұралиев Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Амангелді Мұралиевтің ұлы