Қырғызстанның экс-премьері мемлекетке 111 млн доллар шығын келтірді деп айыпталып отыр

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бас тергеу басқармасы Бішкек қаласының жылу электр стансасын жаңғырту кезінде жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу амалдарын аяқтады. Бұл туралы Кабар-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҰҚМБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Сапар Исаков бастаған бірқатар өкілетті және басқа тұлғалар өздерінің билік құзыретін қасақана пайдаланып, ТВЕА компаниясымен тиімсіз келісім орнатып, мемлекет және қоғам мүддесіне 111 млн 252 мың 797 АҚШ доллары сомасында шығын келтірген.

Осылайша, 2010 жылдың ақпан айында ҚР Даму, инвестициялар және инновациялар бойынша орталық агенттігі коммуникациялар қызметінің бастығы С.Исаковтың қатысуымен онда Бішкек қаласының ЖЭС-ын Дүниежүзілік банктің құны 150 млн АҚШ долларын және «ТВЕА» компаниясының құны 200 млн АҚШ долларын ұсынған қалпына келтіру (жаңғырту) нұсқалары қарастырылған. Кеңес қорытындылары бойынша, «ТВЕА» компаниясының ұсынысын оның бағасы жоғары, техникалық және технологиялық кемшіліктері болғандықтан, Қырғызстан мүддесіне сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданған.

Алайда, 2013 жылы ҚР президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған С.Исаков ҚР президенті аппарат жетекшісініің орынбасары жәрежесінде жобаның іске асырылуын жеке бақылауына алып, пайда көру үшін ТВЕА компаниясына құны 386 млн АҚШ долларын құрайтын жобаның бас мердігері болу құқығын берді.

Бұл ретте ол аталған компанияның осындай жобаларды іске асыру үшін тиісті тәжірибесі мен біліктілігі жоқ екенін, ал техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттаманың жасалмағанын назарға алмаған.

Қазіргі кезде айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын іс материалдарымен таныстыру жүріп жатыр, ол аяқталған соң іс ҚР Бас прокуратурасына жіберіледі.

Фото: argument.kg

Соңғы жаңалықтар
telegram