Қырғызстанның экс-президенті Қазақстаннан ұшып кетті - ҚР СІМ

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев Қазақстан аумағынан ұшып кетті.

Қырғызстанның экс-президенті Қазақстаннан ұшып кетті - ҚР СІМ

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы ақпарат бойынша Құрманбек Бакиев Қазақстаннан ұшып кетті. Бірақ қай бағытта екендігі белгісіз», - деді А.Әбдірахманов.