Қырғызстанның экс-президентінің кіші ұлын 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды

Бішкек қаласының Первомайск аудандық соты бұрыңғы мемлекет басшысының кіші ұлы - 36 жастағы Максим Бакиевті: Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 30 («Қылмысқа қатысу»), 303 («Жемқорлық») және 306 («Қырғызстан Республикасының мүддесіне қайшы келетін келісім-шарт жасау, мемлекеттік сатып алуды іске асыру») баптары бойынша кінәлі деп тапты.
«Максим Бакиевке 25 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, сондай-ақ ол белгілі бір қызметтерде үш жылға шейін жұмыс жасау құқығынан айрылды, мүлкі тәркіленеді. Жазасын күшейтілген режимдегі түзету колониясында өтейтін болады», - деп хабарлайды Қырғызстан бас қадағалау органының баспасөз қызметінен.
Атап өтілгендей, мемлекеттік айыптаушы М.Бакиевті дәл осы жаза мерзіміне соттау туралы сұраған болатын. «Соттың осы үкімін ескере отырып, Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы оны елге экстрадициялау жұмыстарын жалғастырады», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.
2010 жылдың сәуір айындағы оқиғалардан кейін Лондонда (Ұлыбритания) жасырынып жүрген Максим Бакиевті 2012 жылдың қазан айында жергілікті полиция ұстаған. Кейін бұрынғы Қырғыз президентінің ұлы сот шешімі бойынша 250 фунт стерлинг кепіл беріп, босатылды. Оны экстрадициялау жөніндегі сот 2013 жылдың 13 мамырында АҚШ-та болады.
Қырғызстанда ДИИОА бұрынғы басшысы «Чакан ГЭС» үлестес компаниясының «Северэлектро» ААҚ-н сату бойынша көрінеу пайдасыз келісімге қатысты және оның нәтижесінде мемлекетке 132,7 млн. АҚШ доллары көлемінде зиян келтірді деп айыпталды. Оған сонымен бірге жалпы ауданы 9,32 гектар болатын Ыстық көл жағасындағы «Витязь» пансионаты аумағында орналасқан және табиғи аумаққа жататын жер телімін жекешелендіру бойынша көрінеу заңсыз келісім жасады деген айып тағылып отыр. Мемлекетке келтірілген шығын 123,4 млн. сомға бағаланды (шамамен 398 млн теңге).