Қырғызстанның МҰҚК басшысы қызметінен босатылды

АСТАНА. Қазақпарат - Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) басшысы болған Абдил Сегізбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Кабар Қырғыз Республикасы президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтемемен.

Қырғызстанның МҰҚК басшысы қызметінен босатылды

«Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков шығарған Жарлыққа сай, Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Абдил Сегізбаев қызметінен өз арызымен босатылды» делінген хабарламада.

А. Сегізбаев бұл қызметке 2015 жылғы қараша айында тағайындалған болатын.