Қырғызстанның оңтүстігі мен солтүстігінде жер сілкінді

БІШКЕК. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні және сейсенбі күні түнде Қырғызстанның солтүстігі мен оңтүстігінде жерасты дүмпулері тіркелді, зілзала салдарынан 70 шақты үй зақымданды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, зілзаланың соңғысы, ақпанның 3-і күні жергілікті уақыт 00.02-де (мәскеу уақыты бойынша 21.02-де) Ош облысының аумағында орын алған. Зілзаланың кіндігі Ош қаласының солтүстік-батысында 40 шақырымдай жерде болған. «Жер сілкінісі Куршаб ауылында ? 3,5 балл, Үзгенде ? 3 балл шамасында сезілген. Алдын-ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар мен қираулар жоқ», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Ведомство мамандары жексенбі күні 5 балдық жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарды аралап жүр. Оның кіндігі Шу облысындағы Кош-Тегирмен ауылының маңында болған. Шу облысындағы жер сілкінісінің салдарынан, алдын-ала мәліметтер бойынша, 70 шақты үй зардап шеккен, олардың жетеуі тұруға жарамсыз деп танылып отыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Соңғы жаңалықтар