Қырғызстанның оңтүстігін қалпына келтіруге халықаралық ұйымдар да атсалысады

БІШКЕК. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Ош және Жалалабад қалаларын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі Қырғызстан Үкіметінің жанындағы мемлекеттік дирекциясы
None
None

«Қалпына келтіру және қайта жаңарту істеріне төтенше көмек» жобасының аясында ACTED және DRC (Данияның Босқындар істері жөніндегі кеңесі) халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

Аталмыш жобаға сәйкес, аталған екі қалада 1600 шақты зақымданған үйді қалпына келтіру және тағы 40-қа жуық үйді жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға Азиялық даму банкі гранттық негізде 28 миллион доллар бөлген. 2010 жылы зардап шеккен 1780 отбасына 42 шаршы метрге дейін уақытша баспаналар тұрғызылып берілген болады. Биыл ол үйлердің ауданы 100 шаршы метрге дейін арттырылады.

Соңғы жаңалықтар