Қырғызстанның оңтүстігінде иіс тию салдарынан үш кенші қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Баткен облысы Сүлікті қаласында орналасқан «Матазим» АҚ шахтасында үш кенші қаза тапты. Бұл туралы КирТАГ Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

«Алдын ала мәліметтерге қарағанда, адамдар иіс тию салдарынан көз жұмған», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Мәліметтерге қарағанда, шахтадағы тағы екі жұмысшыға иіс тиген. Алайда олар уақытында қауіпсіз жерге шығарылып, аман қалды.

Жапа шеккендер Сүлікті ауруханасына жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар