Қырғызстанның оңтүстігінде қамауға алынған оппозиция көшбасшыларын қорғау акциясы өтуде

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігінде, Жалал-Абад қаласында қамауға алынған «Ата-Жұрт» оппозициялық партиясы көшбасшыларының қолдаушылары жиналды. Келіп түскен түрлі мәліметтерге қарағанда, акцияға 2 мыңнан 3 мың адамға дейін қатысуда, деп хабарлады Утро. ру.
None
None

Олар қырғыздың өкімет орындары өкілдері айыптаған билікті күшпен жаулап алуға күдікті Қамчыбек Тәшиевті, Садыр Жапаровты және Талант Мамытовты бостандыққа шығаруды талап етуде. Наразылық білдірушілер қаланың ортасында 3 киізүй орнатып, олардың талаптары орындалмайынша ереуілді тоқтатпайтындықтарын мәлім етті. Олардың сөздеріне қарағанда, заң бұзу әрекеттеріне жүгінбейді.

Соңғы жаңалықтар