13:42, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қырғызстанның оңтүстігінде күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
БІШКЕК. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстанның Ош облысында кеше жер сілкінісі тіркелді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының ақпараты бойынша, қаңтардың 16-сында сағат 18.35-те күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, зілзаланың ошағы Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында, 2008 жылдың күзінде қуатты зілзала орын алған Ош облысының Алай ауданындағы Нұра ауылына жақын жерде болған. Нұрада күші 4 балдық сілкініс сезілген. Республиканың төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, құрбандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.