Қырғызстанның оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектер төбелесті

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігінде қырғыз және өзбек жастарының арасында жаппай төбелес болды.

Қырғызстанның  оңтүстігінде  қырғыздар мен  өзбектер төбелесті

Росбалт агенттігінің хабарлауынша, оқиға жексенбі күні Ош облысының Араван ауданында орын алған.

Төбелесті такси жүргізушілерінің бастағаны хабарланып отыр. Төбелеске қатысқандардың жалпы саны әзірге нақтыланбаған. Жергілікті әкімшілік өкілдерінің хабарлауынша, ешкім медициналық көмек сұрап бармаған.

Жергілікті өкімет барлық сауда нүктелері мен банк мекемелерін жабу туралы нұсқау бергенін айта кету керек. Сондай-ақ жағдайды әрі қарай ушықтырмас үшін, таксилер де жұмыс істемейді.

Қазір Ош облысында 500-дей адамның митингке шыққаны хабарлануда. Олар төбелесті ұйымдастырғандарды жазаға тартуды талап етуде.