Қырғызстанның оңтүстігінде қызылшаны жаппай жұқтыру жағдайы тіркелді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстік өңірлерінде Жалал-Абад облысында дәрігерлер қызылша жұқтырған 1 мың 798 жағдайды тіркеді. Олардың ішінде тек 630 науқас қана егілмеген. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанның оңтүстігінде қызылшаны жаппай жұқтыру жағдайы тіркелді

Хабарламада Жалал-Абад облысында 1 мың 196 науқас тіркелгені атап өтіледі, оның 918 қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне жіберілсе, 602-сі амбулаториялық ем алуда, 567-сі сауығып кеткен.

Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 474, 1-ден 4 жасқа дейінгілер - 223, 5-9 жас - 105, 10-19 жас - 704, е 20-дан жоғары - 292.

«Жұқтырушылар санының өсуі көші-қон ағынына және кей адамдардың түрлі діни наным-сенімдер бойынша егілуден бас тартуларына байланысты. Қызылшаға, қызамыққа қарсы иммундеуге Жалал-Абад облысы 400 мың доза вакцина бөлді. Қазірде эпидемияға қарсы шара күшейтілді, екпе қабылдамаған адамдарды анықтау үшін үй-үйді аралау жұмыстары жүргізілуде, халыққа тарату үшін буклеттер әзірленді», - делінген хабарламада.

Баспасөз парағында хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12-23 мамыр аралығы кезеңінде қызылша мен қызамыққа қарсы иммундеу науқанын жүргізу аясында ҚР денсаулық министрлігінің мамандары елдің оңтүстік өңірлеріне практикалық көмек көрсету үшін шығатын болады.