Қырғызстанның оңтүстігінде сел салдарынан бес адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданындағы Ош-Айдаркен тас жолының 125 километрінде болған сел бес адамның өмірін қиды, деп хабарлады «Российская газета».
None
None

Қырғызстанның ТЖМ ақпаратынша, сел кезінде адамдар қатты жауын салдарынан автомобиль ішінде отырған. Көлікте болған алты адамның біреуі ғана аман қалды. Сел Қадамжай қаласының инфрақұрылымына да зиянын тигізгені хабарланды. 15 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен ауызсусыз қалды.

Төтенше жағдай орнына Төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов аттанды.

Соңғы жаңалықтар